Shapagat’s Weblog

            Өмірде қашанда өлмеген және өлмейтін махаббат бар. Ол Аллаға, отанға, анаға, бауырға деген шынайы махаббат. Ал мені толғандыратыны жігіт пен қыздың арасындағы ұлы сезімнің ойыншыққа айналып бара жатқаны. Әр пенденің тағдыр жолы сан қилы болатындығынан өмірге, махаббатқа көзқараста әр түрлі болуы хақ. Біреу бар дейді, ал біреу жоқ десе, кейбіреулер тіпті кездеспеді дейді.

        Меніңше махаббат бар. Махаббат жоқ болса, адам баласы жауызға айналып кетпей ме ? Жоқ дегендер әлі кездестірмегендер. Дегенмен жастар арасында мынандай бір қалыптасып қалған нәрсе бар, қыздардың ойынша жігіттерге сенім жоқ, жігіттердің ойынша қыздарға сенуге болмайды, тағы бір түрі көңілі қалғандар. Өмірдің бір ширегіне жетпей жатып осындай қорытынды жасап қойған, өмір десертациясын қорғап қойған тәжірибелі мамандарымыз көбейіп барады. Соның салдарынан сұр бойдақтар мен ажырасқан саны көбейіп барады. Былай халқымыздың демографиялық санын көбейте де алмаймыз. Бұл басқа мәселе.

      Жалпы мен өзім махаббатқа сенемін, себебі кездестірдім. Мен үшін ол адам қымбат. Басқа сезімімді жеткізе алмаймын, бәрі де ішімде. Ал мені толғандыратыны замандастарымның яғни өз құрбы-құрдастарымның осы ұлы сезімге сенбеуі.

ДОСТАР СІЗДЕР ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗДАР?

Қазіргі таңда жастар арасында махаббат бар ма?

Мандығым – мақтанышым!

Posted by: shapagat on: November 20, 2008

                      

       Мектеп партасында отырғанда «кім боласын?» деген сұрақтарды көп еститін едік. Сонда бала арманында шек бар ма? Қиялға батып кейде бірнеше тіпті ұқсамайтын мамандықтарды айтып, мәз болатынбыз. Мектепті бітіре сала жоғарғы оқу орнында дәл сен қалаған мамандық құшақ жая қарсы алардай көрінетін. Сөйтсек біз елемеген мәселелер көп екен. Тапсыратын емтихандар өзінше бір төбе, ал мамандық, оқу орнын таңдау бөлек әңгіме… «Өмірде өз орныңды табу үшін маман болу керек», дегенді де естігенім бар. Содан болар жас түлек болып ұшарында «мамандық таңдауда шатаспа», деп жатады.  Қанатын қатаймай өмір жолында қандай да бір шешім қабылдау оңай емес екендігін мойындау керек. Өйткені балалық шағында сол мамандықтың тек қаймағына құштар болатының сөзсіз.

     Жоғарғы оқу орнында оқып жүріп-ақ басқа мамандыққа не басқа университетке ауысып жатқандар көп. Сондай-ақ оқуды ауырсынып кешкі бөлімге ауысатындар, тіпті оқуды тастап кететіндер де барын жасырмау керек. Бір жағынан мұндай жандар кейде басқа да себептердің арқасында да кетуі мүмкін. (отбасылық, материалдық т.б)

   Бағыма орай мен өзім қалаған мамандық бойынша дәріс алудамын. «Мамандығым – мақтанышым»,  дей аламын. Дегенмен  менің мамандығымда мен білмейтін қыр сыры әлде қайда көп екен. «Білетінім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз», деп осы мамандықтың бір ұшын ұстап жүрмін. Бастысы бұл мамандықты сүйіп оқимын және маған қызық.    Мен де бір күні Алла қаласа, қанаты қатайған маман болармын.

      Кейде қаламай жай диплом үшін жүргендерді немесе сыртта оқуға түсе алмай жүрген жандарды  көргенде жүрегім сыздайды. Алла  жазса, олардың да басына бақ қонады деп сенемін!

Тағы да жастар….

Posted by: shapagat on: November 20, 2008

                                             

      Қазіргі қазақ жастарының тәрбиесі мен тұрмыс-тіршілігі туралы аз айтылып жүрген жоқ. Себебі қоғамның маңызды бөлігі жастар болғандықтан бұл қашанда таусылмайтын әңгіме. Кейінгі жастарды әсіресе соның ішінде қазақ ұл-қыздарын сынағыштар көбейіп барады. Баспасөз беттеріндегі мақалалар, радио, телеарналардан берілетін көптеген хабарларда  жас буынды тәрбиелеуге арналған. Өйткені, жастар  біздің болашағымыз. Ертеңгі атар таңы мен батар күнін ойлағындықтан болар, жастардан тәрбиелі, өнегелі, әдепті, білімді болғандығын қалайды. Өкінішке орай таяқтың екі ұшы бар. Жастардың арасында расында салауатты да салмақты өмірге бейімделгендер, дұрыс жолда жүргендер бар, сонымен қатар жастықтың буына мас болып, өз уақыттарын бұрыс пайдаланатындар да баршылық. Батысқа еліктеуіштік, қазақи тәрбиеден жұрдай жандарды көріп жүрегіміз сыздайды. Осы тұста шыққан отбасын кінәлаймыз және санасыздығында дейміз. Қазақ атамыз « баланың көңілі далада» деп бос айтпаған. Яғни баланы тәрбиелейтін орта көше.

      Көшеде ішімдік ішіп алғандар, ес түссіз мастар, көргенсіздер, ауыздары балағатқа толған ағаларымыз, жарамсыз сән қуған әпкелеріміз. Барлығына бірдей топырақ шашудан аулақпын, дегенмен мұндай кісілердің барын айту керек. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің, дейді. Аға әпкелеріміз осылай жүрген соң, «маған неге былай жүрмеске?»  деп саналарына тоқып алатындар да бар шығар. Жастарымыз жақсы болсын, жаман болсын оларды тәрбиелеп отырған орта буын екенін ұмытпағанымыз жөн.

       Бұл жайлы мысал келтірсек жетерлік, жас қазақ қыздары жасанды түсік жасайды дейміз, ал түсікті жасайтын дәрігерлер ақыл тоқтатқан жандар емес пе? Неге оларды ақша қызықтырады? Неге қарындас, сіңілдеріне ақылдарын айтпайды?  Неге жасамай қоймайды? Әлде, дәрігердің артынан ерген бауыры жоқ па? Жарайды, қайсы бірін тоқтатып ақыл айтып отырады, бастысы медициналық жағдайда процесстің таза өткені де бір жағынан дұрыс болар. Қаракөздеріміздің арасында жезөкшелік, өз тәнінің саудасымен айналысып жүргендер бар. Бұл қыздарымыздың ар-ұяттан безгендіктерін көрсетеді. Бірақ тағы да ішті жылататын жайт, олардың жеңгетайлары ата-аналарымен жасты жандар. Ата- анасы «баласының тәнін саудаға салып отыр» деген, естіген құлаққа ұят.

     Жігіттеріміз де оңып тұрғаны шамалы, бір жартыны «ағасы бардың-жағасы бар, інісі бардың-тынысы бар» деп қағып салып, бір-біріне деген құрметті жүз граммен көрсетеді. Ағаларымыз кейде тіпті аталарымызбен жасты , жасы келген кісілер жас қыздарға көз қырын салып, қандай жолмен болсын пайдаланып қалуға тырысады. (Ошағында жан-жары мен әлгі қызбен жасты бала шағасы күтіп отырғанын қаперінен шығарып.) Содан болар қазір жігіттеріміз өз сөздерімен айтқанда «запас» ұстап жүреді, не қыздарды үйленетін және жай пайдаланатын деп бөліп алады.

       Жас жігіттердің астына шет елдік машина мінгізіп еркелететіндер де әкелері, сол үшін де олар еңбектің құнын білмейді, бағаламайды. Түнгі клубтар да  жастардың арасында есірткі тарататын да тағы да, моральдан материалдық ахуалды жоғары қойған ағаларымыз. Қу ақшаны қуғандар да дәл солар.

      Заманды кінәлаймыз, адамды кінәлаймыз, айналып әкеліп нарыққа тірейміз. Ал жай ғана мысал, күнделікті мәдени ошақтарда, қоғамдық көліктердегі үлкен мен кішінің арасындағы қарым қатынас. Қоғамдық көліктер жас кәрі демей бәрімізге ортақ. Бірақ, «автобусқа қарт кісілер мінгенде, орын бер» деп мектеп партасында отырғанда үйрететіні анық. Оны әркім өзінше қабылдайды, «бізде ерігіп жүрген жоқпыз, шаршап жүрмін» деп автобусқа отыра сала өтірік ұйықтап не терезеге телміріп отыратындар да , үлкен кісі мінсе орнынан атып тұратындар да, ұлтына қарап тек өзінің қандасы болса ғана орын беретіндер де кездеседі. Қалай сән қусақ та, шет елге еліктесек те үлкеннің алғысымен, батасымен өскен қазақпыз. Орын беру қандай қиын емес болса, бір ауыз алғысын білдіруде сондай оңай. Бір ауыз «рахметтің» өзі жас  жүректі шаттандырады, қанаттандырары. Біреуге шын мәнінде кішкене болса да жақсылық жасағанын  сезінеді. Ал біздің көптеген ата-апаларымыз үндеместен отырып алады, немесе «отыра бер мен әлі жаспын» дегенді де естіп жатамыз. Орын беру кемсіту емес, сый көрсету. Жоқ, ол кісі өз- өзін сыйға емеспін деп ойлайды ма? Үлкенге құрмет көрсету кішінің парызы екенін естен шығармау үшін, кішіге де ізет көрсетуді ұмытпаған абзал. 

Posted by: shapagat on: November 10, 2008

Әр мемлекеттің байрақтары

Дайындаған: Сымбат Найманханқызы

 

         Мемлекет туы – сол елдің тарихынан, басқа елдермен қарым- қатынастағы ұстанымынан, ішкі-сыртқы саясаттағы пиғылынан да хабар беріп тұрады. Енді біз қазақпен іргелес қонып, тарихи байланысы тереңге кеткен мемлекеттер туларының сырына үңіліп көрейік.

 

                             Қырғызстанның туы

         Қырғыз туы 1992 жылдың 3 наурызында  Республиканың Жоғарғы Кеңесімен бекітілген. Тудағы бірыңғай қызыл түс халқының мейірімділігі мен қайсарлығын білдіреді. Өз нұрына шомылған Алтын күн бейнесі бейбітшілік пен байлықтың белгісі.

   Күннен дөңгелене шашыраған 40 шашақты шапақ, қырғыз тарихындағы бірлескен 40 тайпаның көрінісі.  Түндік – отбасылық шуақ, ал кеңейтілген мағынада басқа елдермен және де қырғыз жерінде тұратын өзге де ұлт өкілдерінің арасындағы ынтымақ пен бірлікті көрсетеді.

 

          

 

                            Өзбекстанның туы

 

    Қазаққа тілі мен салты ұқсас, дініміз бір ағайын өзбек елінің байрағы не деп тіл қатады екен? Шығыс елдерінің туларында жиі кездесетін ашық көгілдір түсті ертеде  Әмір Темір таңдаған деген дерек бар.

      Ашық аспан түстес көгілдір түс аты айтып тұрғандай мөлдірліктің белгісі.

Ал ақ түс – бейбітшілік пен тазалықты білдіреді және де жас тәуелсіз мемлекет даму жолында әлі де талай белестерді бағындырады деген мағынаны береді.  Жеріміз жасыл болса, халқымыз тоқ болады деген тілекпен жасыл түсті таңдап алған. Қызыл жолақшалар – қызу өмірдің белгісі. Ай мен жұлдыз – ашық аспан, бейбіт өмір. Сондай-ақ ай мен жұлдыз ислам дінінің нышаны.

 

          

 

                                   Қытайдың туы

     Қытай Халық Республикасының қазіргі байрағы 1949 жылы қабылданған. Туда бірыңғай қызыл түс қытай елінің сүйікті түсі десек те болады, себебі бұл елде қызыл түстің құрметі ерекше. Ал жалаудағы  қызыл түс қан майдан көтерілістің арқасында Қытай Халық Республикасы қазіргі тәуелсіздік пен беделді саяси күшке жеткендігін көрсетеді. Сол жақ жоғарғы бұрышындағы сары түсті бес жұлдыз Коммунистік партияның белгісі.

                                      Ресейдің туы  

         Ресей Федерациясының туын бала-бақша жасындағы бала да дәл солай суретке түсіріп беретін шығар. Өйткені қатарынан түскен үш жолақты қағаз бетіне түсіру қиын емес. Десек те Ресейдің туындағы түстердің де өз мән-мағынасы бар. Ақ түс – тазалықтың, көк түс – сенімнің, ал қызыл түс – державаның белгісі екен.

                            Түркия Республикасының байрағы

         Осман империясының әлеуметтік және саяси құрылымының күрделілігінен оның тарихында шынайы ұлттық байрақ тек 1844 жылы ғана қабылданған. Осы байрақ Түркия Республикасында әлі де қолданылады. Оның өлшемдерінің геометриялық арақатаныстары 1936 жылы мамырдың 29-ында  арнайы заң арқылы бекітілді. Осман  империясының соңғы кезеңінде қабылданған байрақ және одан кейінгі Түркия Республикасының байрағы «Ай Жұлдыз» деп аталғанын куәландыратын дерек көздері де бар.

Азық түлік қымбаттады….

Posted by: shapagat on: October 18, 2008

                      Азық түлік дағдарысы мен ауылдағы жағдай

   Өткен жылдан бастап азық түлік пен жанармайдың қымбаттады. Соған байланысты еліміздің тұрғындарының қалтасы жұқара бастады. Әсіресе, ауыл мен қарапайым қала тұрғындары үшін кері әсері тиіп жатыр. Сондай ақ еліміздің болашағы саналатын студент жастарымыздың да жағдайы мәз емес. Себебі, онсыз да жұмыс пен сабақты ұштастырып жүргендер аз емес.

 Жанармайдың қымбаттауы ауылда егін еккен диханшыларға, қоғамдық көліктермен жүретін жолаушылар үшін де зардабы тиіп тұр.

Hello world!

Posted by: shapagat on: October 13, 2008

Welcome to WordPress.com. This is your first post. Edit or delete it and start blogging!


  • shapagat: болашақ мамандығым "журналист"
  • urimtal: Махаббат бар, болған бола береді. Себебі ол - сезім.
  • urimtal: Сәлем, басы жаман емес! Әрі қарай жалғастырарсың деген үміттемін!

Categories